Ардагерлер қауымдастығы құрамы жаңарды
Ардагерлер қауымдастығы құрамы жаңарды
338
оқылды

1 жыл бұрын «Nur Otan» пар­тиясы Алматы облыстық фи­лиалы жанынан белсенді партия арда­герлерінің қауымдастығы құрыл­ған болатын. Қауымдастық отыры­сында осы уақыт аралы­ғында атқарылған жұ­мы­стар мен жұмыс жоспары, құрамын бекіту, кезекті сайлау қоры­тын­дысы мен об­лыс­тық сайлауалды бағ­дар­ламасының жүзеге асы­рылуы қаралды.

Алматы облыстық партия фи­лиалы төрағасының орынбасары С.Нұрқады­ров сайлау науқанында партия ардагер­лері штаб қызметінде белсенді жұмыс атқарғанын ерекше атап өтті. Ол атал­ған штабтың үлкен іс-шаралардың ұйым­дастырушысы болғанын айтты. Атап айтқанда, науқан аясында 6 049 шара ұйымдас­тырылып, каран­тин талаптары ес­ке­ріліп, 3 064 іс-шара он­лайн режим­де өткізілген. Іс-шараларға 412 048 адам қатысып, бетпе-бет кез­десуде – 165  896, ал он­лайнда 246 152 сайлаушы бол­ған. Сөз соңында С.Нұрқадыров сайлау науқанында нұротандықтар­мен бірге атқарылған жұмыс үшін ардагер­лерге алғысын білдірді. Отырыс барысында Талдықорған, Текелі қалалық, Ұйғыр аудандық қа­уым­­дастық төрағаларының 2020 жы­л­ғы атқарған жұмыстары бо­йынша есебі тыңдалып, облыстық қауымдас­тық төрғасы Е.Тұрымбетов қауымдас­тықтың жаңа құрамын және биылғы жұмыс жоспарын таныстырып, көппен бірге бекітті.

Әбілмансұр ЖАСАН