Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалына апаратын жолдың жобалау-сметалық құжатының құны 23 млн теңгеге бағаланды. Қарақия ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік сатып алулар жөніндегі порталда жарияланған тендерінде осындай сома көрсетілген.
Тендер жолдың өзін салуға емес, жобалау-сметалық құжатын әзілеуге арналған. Байқауда жобаның құны 23 199 107 теңгеге бағаланған. Одан бөлек, аталған мекеме Бозжыра шатқалында орналасатын тамашалау алаңына апаратын жолдың да жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге байқау жарияланған. Оның құны 18 493 750 деп белгіленіпті. Байқау порталда жарияланып қойды, өтініштерді қабылдау 25 ақпанда аяқталады. Сөйтіп, Бозжыраға қатысты нақты шешімдер қабылдана бастағаны белгілі болды.Ардақ СҰЛТАН