Сатып алуды ұйымдастырушы: Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы №29 мекенжайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. (Университет) Телефон: +7(7253) 36-36-36, +7(7253) 36-36-62.
Сатып алудың әдісі: Университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 20-бабының негізінде ашық конкурс тәсілімен Университеттің бас оқу ғимаратының алдындағы жарамсызданған брусчаткамен бордюрлерге жөндеу жүргізу жұмыстарын сатып алу.
Сатып алудың нысаны болып табылатын жұмыстың басталу және аяқталу мерзімі: тараптар келісімшартқа қол қойған күнінен бастап әлеуетті өнім беруші тауарларды 20 күнтізбелік күн ішінде жеткізуі тиіс.
Сатып алуға қатысу шарттары: Сатып алуға қатысуға университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 10-бабына сай баға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсынуларыңызды сұраймыз:
Әлеуетті өнім берушінің қаржылық жағдайы туралы банктен алған анықтамасы;
Сатып алу нысаны болып табылатын тауарды жеткізу саласындағы тәжірибесін растайтын құжаттары;
Әлеуетті өнім берушінің заң талабына сәйкес тиісті құзыретті органдарға тіркелуі туралы анықтама;
Әлеуетті өнім беруші тауардың сапа сәйкестігін тексеру мақсатында олардың үлгілерін, каталогтерін немесе суреттерін өткізуі тиіс;
Әлеуетті өнім беруші ҚҚС төлеуші болса сатып алынатын тауарлар бойынша ұсынған баға ұсынысының ішінде ҚҚС қарастыру керек;
Конкурсқа қатысуға және шарттық кепілдік ретінде конкурсқа жарияланған жалпы сомасының кем дегенде 5 пайызы мөлшерінде мына есепшотқа аударылуы талап етіледі: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ мекемесі, БСН:990440008043, БСК:HSBKKZKX, ЖСК:KZ436010291000010707, Кбе:16, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ немесе банктік кепілдік берілуге рұқсат;
Сатып алынатын тауарға кепілдік мерзімі 12 ай болу міндетті.
Сатып алынатын Университетттің ғимараттарын жөндеуге қажетті тауарларды тізімі мен келісімшарт үлгісін http://ayu.edu.kz/ сайтының хабарландыру парақшасынан немесе Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы №29В мекенжайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, №203-кабинеттен алуға болады.
Комиссия отырысы болатын күні және уақыты: 05.03.2021, сағат 16.00.Сатып алуға өтінімді өткізу орны және уақыты:
Сатып алуға қатысуға баға ұсыныстары арнайы конвертке салынып, мөр басылып, хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 7 күнтізбелік күн ішінде Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы №29В мекенжайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, №203-кабинетте қабылданады.