Солтүстікте қар жауады. Оңтүстік және батыста ауа райы жауын-шашынсыз болуы ықтимал.
Жамбыл, Қызылорда облыстарында тұман күтіледі, күндіз жел екпіні15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысында тұман, жаяу бұрқасын болып, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Түркістан, Манғыстау, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.