Қысым, қудалау, қауіп – бәрі болды
Қысым, қудалау, қауіп – бәрі болды
227
оқылды

Алматыда экс-прокурор Тимур Тілем­баев пен бұрынғы екінші деңгейлі банк топ-менеджері Қанат Алиқұлға сот  үкімі шықты. Сот күдікті­лерді кінәлі деп танып,  орташа қауіпсіздік мекемесінде 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Материалдар №2 Бостандық аудандық сотында қаралды. Судья жәбірленушіге келтірілген 546 838 теңге мөлшеріндегі материалдық залалды ішінара бірлесіп төлеуге рұқсат берді. Сотталғандар жәбірленушіге моральдық зиян келтіргені үшін 3 миллион теңгені бірлесіп төлеуі тиіс. Сот үкіміне 15 тәулік ішінде шағымдануға болады.

Экс-прокурор мен банк топ-менеджеріне не үшін мұндай айып тағылып отыр? Қылмыстық  іс сотқа 2020 жылдың жазында түскен. Зорлау фактісі  2019 жылы қара­шаның 7-сінен 8-не қараған түні Ал­маты қаласының Бос­тандық ауданында болған. Адво­каттың ай­туынша, жігіт қызды жал­ғыз бола­мыз деп алдап, өзіне ша­қыр­ған. Алай­да жәбір­ленуші М. пәтерде бөтен мас адам­дар бар екенін көр­ген. «Жігіт жанжал шығарып, қызды ұра бастаған, содан кейін оған дос­тары да қосылады. Қызды қорлай бастайды. Екі күдікті жәбірленушіні таңғы 6-ға дейін зорлаған. Іс екі бап бойынша сотқа берілді. Кейін олардың бірі прокуратураның бұ­рынғы қызметкері, екінші күдікті банктің топ-менеджері екені белгілі болды», – деді қорғаушы Жанна Оразбақова. Алматы про­кура­турасының баспасөз қызметіндегілер күдікті нің 2012 жылы органнан кеткенін айтты. Алайда жәбірленушінің  қорғаушы­сының айтуынша, осы жағдайдан кейін күдіктілердің туыс­тары жә­бірленушінің үйіне келіп, қоқан-лоқы жасаған. Осы дерек бойынша полиция қыз­меткерлері зерттеу жүргізген, бірақ мерзім өтіп кеткен­діктен  іс жабылған. Сол кезде қыз­дың  зорланғанына бір жыл болған. Осы жағдайдан кейін адвокат Әлия Омарова жәбір­ленушінің құқын қорғаушы Жанна Оразбақова­мен бірге Ішкі істер ми­нистрі Ерлан Тұрғымбаевқа үндеу жасаған. Адво­каттар министрге полицейлердің әрекетсіз және өз қызметкерлерінің әрекетін жасырып отыр­ғанын мә­лім­деген. Сол кезде қорғаушы Жанна Оразбақова «27 қарашада материал Қылмыстық кодекстің №362 қызмет бабын асыра пайдалану бабы бо­­йынша сотқа дейінгі зерттеу бірың­ғай реестріне тіркелген. Мен жә­бірленушіге қатысты жеке ақ­паратты жариялаған полиция қыз­меткерлері үстінен қылмыстық істің қозғалуын маңызды жеңіс деп есеп­теймін» деген болатын.  Зорлық-зомбылық құрбаны бол­ған қыз да экс-прокурор мен банк топ-менеджеріне шыққан сот үкі­міне қатысты пікір білдірді. Ол әйел­дер қауымын зорлық-зомбылыққа төз­беу­ге және құқығын қорғау үшін соңына дейін күресуге ша­қырды. «Айыптау үкіміне ризамын. Бұл үкім мен көрген сұмдықты өтейді деп санаймын. Зор­лық-зомбылық көрген қыз-келіншектің бәріне соңы­на дейін күресіңіз дегім келеді. Әділет жеңіс­ке жетеді», – деді ол. Жәбірленушінің  қорғаушылары Жанна Оразбақова мен Әлия Омарованың айтуынша, сот процесі күрделі өткен. Куәгерлер сотқа келуден бас тартқан. «Біз үкімге ризамыз, жәбір­ленушінің көрген зорлығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оқиға бір жыл үш айға созылған. Қысым, қудалау, қауіп – бәрі болды. Айыпталушы­лардың 8 жылға бас бостандығынан айыру үкімі әйел­дерге үлкен үміт берді. Сотқа, про­курорға және біздің тергеушіміз Олеся Журавлеваға объективтілігі үшін алғыс айтамын», – деді адвокат Жанна Оразбақова.

ГүлнарГүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ