«Орталық» өңірлік қолбасшылығының хабарлауынша, қайтыс болған жігіт 6505 әскери бөлімінде қызмет еткен. 18 жастағы сарбазТүркістан облысынды туған.
2 ақпанда таңғы сағат 8.00-де ауырып тұрғанын айтқан. Санитарлық нұсқаушы жүргізген тексерістен кейін ол Абай қаласының Орталық қалалық ауруханасына жатқызылды. Ауруханаға жатқызылғаннан кейін оның жағдайы күрт нашарлап, сарбаз жансақтау бөліміне ауыстырылды. Сағат 11.00-де дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлады.
«Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, сарбаз өліміне менингококты инфекция себеп болған. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. «Орталық» өңірлік қолбасшылығы мен жеке құрамы қатардағы жауынгер Жақып Рамазан Мейрамбекұлының кенеттен қайтыс болуына байланысты қайғырып, туыстары мен жақындарына көңіл айтады» делінген ресми хабарламада.