Түркістандық келіншек «мүгедектікке шығарып беремін» деп елді алдаған
Түркістандық келіншек «мүгедектікке шығарып беремін» деп елді алдаған
174
оқылды

Түркістан қаласында тұрғынды «мүгедектікке шығарып беремін» деп алдаған күдікті әйел ұсталды.

Polisia.kz-тің жазуынша, алаяқ жәбірленуші әйелдің  жақын таныс емес. Ол «мүгедектікке шығарып беремін» деп әйелдің 150 мың теңгесін алып, алдап кеткен. Тіпті, арада біршама уақыт өтсе де, ол жәбірленушіге берген уәдесін орындамаған. Сөйтіп, сан соғып қалғанын түсінген жергілікті тұрғын полицияның көмегіне жүгінген.

Түркістан қаласының тәртіп сақшылары аталған жағдайға байланысты тергеу жұмыстарын бастап, жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдіктіні анықталды. Ол осы қаланың тұрғыны екен. Бұған дейін де сотталыпты. Аталған жайт қылмыстық кодекстің 190-бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді.