Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы Сара Назарбаева 80 жасқа толды. Бұл туралы қызы Әлия Назарбаева өзінің Instagram парақшасында жазды.
«Әр адамның өмірдегі басты тұлғасы – Ана. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Оның мейірімі арқылы біз қуаныш пен шаттыққа бөленеміз. Бүгін біздің отбасымызда үлкен мерейтой. Анамды мерейлі мерекесімен құттықтаймын!» деп жазды Әлия Назарбаева.
Сара Алпысқызы Қазақстанның қоғам қайраткері. «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы.
Кезінде Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде еліміздің барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылды.