Атырауда өртенген балабақшадан 13 бала мен 3 тәрбиеші эвакуацияланды,
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 ақпанда «Нұрсая» шағын ауданындағы Р.Ғабдиев көшесінде орналасқан 1 қабатты жекеменшік балабақша өртенген.
«Бұл туралы хабар сағат 15:46-да түсті. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар «Зейнеп Амина» балабақшасының төбе жабындысы толық жанғанын анықтады. Балабақшадан 3-5 жаc аралығындағы 13 бала мен 3 тәрбиеші эвакуцияланды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Жалын сағат 16:15-те оқшауланып, 16:23-те толықтай жойылды. Өрт салдарынан балабақшаның 144 шаршы метр төбе жабындысы жанып кетті.