Қыздарды күңдікке сатқандар ұсталды
Қыздарды күңдікке сатқандар ұсталды
470
оқылды

Құқық қорғау органдары қазақстандық қыздарды араб еліне сексуалды құлдыққа сату үшін құрылған арнаны жою операциясының егжей-тегжейін айтып берді. Сондай-ақ ІІМ Бахрейнде сексуалдық құлдықтың құрбанымен сұхбаттың бейнежазбасын жариялады.

2020 жыл соңында еліміздің Ішкі істер ми­нистрлігі адамдар саудасының халықаралық арнасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топты құрықтаған еді. Қаскүнемдер әлеуметтік аз қамтылған отбасылардағы, сондай-ақ материалдық қиын­дықтарға тап болған жас қыздарды алдап, өз де­гендеріне көндіріп, оларды ары қарай сату және сексуалдық құлдықта ұстау үшін шекара арқылы Бахрейннің Манама қаласына жөнелткен. Бұл ретте араларында кәмелетке толмаған жас­өс­пірімдер де бар болып шықты. Тірі тауарды жеткізу арнасын Қазақстанның, Ресейдің және Бахрейн корольдігінің аза­мат­тарынан құрылған оннан астам адам жолға қойыпты. Қылмыстық топ өз құрбандарына шетелде жалақысы жоғары жұмыс ұсынып, қызығушылығын оятқан. Алайда қыздар Бах­рейнге жеткеннен кейін бірден күңдікке түсіп, тәнін сатуға мәжбүрленген. Бір арна жа­был­ғанымен, мұндай басқа да арналар болуы әбден мүмкін. Сондықтан полиция қыздарға шетелде біліктілікті талап етпейтін жоғары жалақылы қыз­мет ұсынатындарға сенбеуге шақырады.

Ерік ЕРДЕНОВ