«Қайырымды істер марафоны» бастау алды
«Қайырымды істер марафоны» бастау алды
129
оқылды

Елордада «Қайырымды істер марафоны» акциясы басталды. Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен аталған марафонның ашылу салтанатында сөз сөйлеп, ізгі тілек тіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайын волонтерлер мен меценат­тар­дың мұрындық болуымен түр­лі қайырымдылық шарасы өте­тіні белгілі. Әсіресе, өткен жы­лы Biz Birgemiz акциясы бо­йын­ша қалада  мыңнан астам от­­басына көмек көрсетілді. Атал­­ған марафон сол акцияның жал­ғасы болмақ. Бақтияр Мә­кен­нің айтуынша, биыл бұл ба­ғыт­тағы жұмыс одан әрі жал­ғаса­ды. Сондықтан ол азаматтарды қайырымдылық жасауға шақыр­ды. Қала әкімінің орынбасары қайырымдылық жасау қаржылай немесе зат тұрінде көмектесумен шектелмейтінін баса айтты. Бастысы, айналаңа оң көзбен қарап, көмектесуге, демеу көр­сетуге ниеттенсең жеткілікті. «Рухани жаңғыру» жобалық кең­се­сі ұйымдастырған «Қайырым­ды жандар марафоны» тек ел­ордада емес, республика көле­мін­де жалғасады. Сондай-ақ атал­ған марафонда қайырым­ды­лық жасауға бейім үкіметтік емес ұйым өкілдері марапат­талды.

А.АЙДАРҚЫЗЫ