Биатлоннан Щучинскідегі әлем чемпионаты
Биатлоннан Щучинскідегі әлем чемпионаты
207
оқылды

Елімізде 2023 жылы биатлоннан жасөспірімдер ара­сын­дағы әлем чемпионаты өтеді. Бұл құнын білгенге тап­тырмас мүм­кіндік. Өйткені IBU техникалық комитеті мен бас­қарма мүшелері кез келген елге мұндай міндет жүк­темейді.

Спорт әлемі пандемиядан кейін қайта түлеуге дайындалып жа­тыр. Мәселен, Денешынықтыру және спорт комитеті таратқан ақ­паратта  IBU техникалық комитеті мен басқарма мүшелері арнайы оты­рыс өткізгені жазылған. Атап айтқанда, алдағы жылдарға ар­нал­ған жарыс кестесі түзілген. Атқарушы комитет 2022-2024 жылдары өтетін әлем кубогы, IBU ку­богы, Еуропаның ашық чемпионаттары, жасөспірімдер кубогы Жас­тар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын өтетін ау­мақты белгілеген. Осылайша, биатлоннан жасөспірімдер ара­сын­дағы әлем чемпионаты 2023 жылы 4-12 наурыз аралығында Қазақ­стан­да өтеді. 8 күнге ұласатын жарыстың өтетін орны – Щучинск қа­ласы.

 Айбике ЖАНАСЫЛ