Дубайдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды
Дубайдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды
122
оқылды
12 ақпан күні Қазақстанға Ұлыбритания, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Беларусь, Өзбекстан мен Қырғыз Республикасынан 18 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Aikyn.kz Қазақстан Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды. 1 945 жолаушының ішінде 1 639 адам ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен, анықтамасыз 306 ҚР азаматы келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 169 жолаушы, анықтамамен – 939, анықтамасыз – 230, Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 732 жолаушы, анықтамамен – 656, анықтамасыз – 76, Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 44 жолаушы анықтамамен келген. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді. 2021 жылдың 11 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.