Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне Қостанай автобустарындағы тариф жұмысы туралы есеп берілді.
Осы орайда, Alau.kz бір күндегі (11 ақпан) деректерді негізге алды. Есепте бес тасымалдаушы компания көрсетілген. Әрқайсысы 11 ақпандағы кірісі туралы есеп берді. Сондай-ақ есепте қостанайлықтардың жол жүру ақысын төлеу тәсілдері көрсетілген:
қолма-қол ақшамен – 13 628 жолаушы
көлік карталарымен – 20 999
банк карталарымен – 40 952
SMS көмегімен – 98
мобильді қосымша арқылы 1 550 жолаушы төлеген.
Жалпы, бір күнде 77 127 адам автобуспен жүрген. Ал тасымалдаушылар 6 218 560 теңге табыс тапты.