Нұр-Сұлтанда кафеге келген әйел ақша төлемеуі үшін тағамға шашын салып жіберіп, айқай шығарды
Нұр-Сұлтанда кафеге келген әйел ақша төлемеуі үшін тағамға шашын салып жіберіп, айқай шығарды
156
оқылды
Нұр-Сұлтанда кафеге келген әйел шот төлемеуі үшін өзі тапсырыс берген тағамға шашын салып жіберген. Оның бұл әрекеті бақылау камерасына түсіп қалды. Видео әлеуметтік желілерде тарап үлгерді. Клиент мекемеге қызын ертіп  келген.
"Бәріне сәлем. Мен даяшы болып жұмыс істеймін... Мұндай да қонақтар бар. Қазір сіздерге нағыз алаяқтар қалай әрекет ететінін айтамын. Ботқаға тапсырыс берді. Мен оған әкелдім. Енді әйелдің оң қолына қараңыз. Ол алдын ала басынан жұлып алған шашын оң қолымен ботқаға салып, ішіне қасықпен араластырады. Мұны біреу байқамады ма деп жан-жағына қарайды. Содан кейін ыдыстан шашын алып, мені шақырады. Келген соң бірден маған айғайлай бастайды...", – дейді видео сипаттамасында.
Жанжал шығарып, ақшасын төлемеген әйелді полиция алып кетті.