Өнерлі жұп отбасылық басқосудан түсірілген бейнежазбаны әлеуметтік желіде жариялады. Онда актрисаның анасы күйеу баласына құрмет көрсетіп, дәстүрге сай төс тартқанын көруге болады.
Дариға Бадықованың анасы Олжас Абайға қазақы дәстүрмен төс тартты
473
оқылды

Жақында шаңырақ көтерген актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абайды актрисаның анасы үйіне қонаққа шақырып, күйеу баласына қазақы дәстүр бойынша төс ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Өнерлі жұп отбасылық басқосудан түсірілген бейнежазбаны әлеуметтік желіде жариялады. Онда актрисаның анасы күйеу баласына құрмет көрсетіп, дәстүрге сай төс тартқанын көруге болады.

«Қазақта күйеу балаға “төс ұсыну” деген әдемі дәстүр бар. Бұл – ананың күйеу баласына деген құрметі мен сыйластығының белгісі. Сондықтан салт-дәстүрден аттамай, бүгін анамыз Олжасқа төс ұсынды», – делінген жазбада.

Бейнежазба желі қолданушыларының назарын аударды. Оқырмандардың бір бөлігі жас жұбайларға бақыт тілеп, қазақы дәстүрдің сақталғанына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар өнер иелерінің жеке өміріне қатысты түрлі пікірлер де жазылды.

Еске сала кетейік, Дариға Бадықова мен Олжас Абай биыл қазан айында үйлену тойын өткізген еді.