"Конело" супер орта салмақтағы чемпиондық белбеуге ие болды
"Конело" супер орта салмақтағы чемпиондық белбеуге ие болды
169
оқылды
Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (54-1-2, 36 КО) The Ring журналының нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы чемпиондық белбеуге ие болды. Бұл титулға ол желтоқсан айында британдық Каллум Смитті (27-1, 19 КО) жеңгеннен кейін ие болды, – деп хабарлайды Sports.kz. «Конело» үшін Бұл The Ring-тің үшінші белбеуі және олардың барлығын түрлі салмақ дәрежелерінде иеленген: бірінші орта, орта және супер орта. Каллум Смитті жеңген Альварес WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын алған болатын. Сондай-ақ WBC белбеуін де иеленген. Келесі жекпе-жегін «Канело» 27 ақпанда түрік Авни Йылдырымға (21-2, 12 КО) қарсы өткізеді. Мексикалық ұтысқа бірден екі белбеуін қояды. ESPN арнасының ақпараты бойынша, Геннадий Головкин – Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жек трилогиясының соңғы бөлігі осы жылдың қыркүйек айында өтуі мүмкін.