Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман, көктайғақ күтілуде, – деп хабарлайды Қазгидромет.
15 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Көкшетауда жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с. Оралда 15 ақпан түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында күндіз 15 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ: 15 ақпанда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Таразда 15-17 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.