Батыс Қазақстан облысында жол апаты салдарынан 5 адам ауруханаға жеткізілді.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 14 ақпан күні Орал-Атырау жолы бойында Ақжайық ауданы Самал ауылы тұсында болды.
Сағат 13.30-да Беларусь азаматы ауа райының қолайсыздығынан (жолдың нашар көрінуі салдарынан) Scania жүк көлігімен жол шетінде тоқтап тұрған Toyota Camry және Volkswagen Passat автокөліктеріне барып соғылған.
БҚО ТЖ департаменті трассалық-медициналық құтқару бекетінің қызметкерлері 5 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізді.