Бүгін бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады
Бүгін бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады
98
оқылды

Тек қана батыс, солтүстік-батыс, солтүстікте жаңбыр, қар жауып, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Кей өңірлерде тұман, желдің күшеюі сақталады. Ақмола, Қостанай облыстарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ, басым бөлігінде желдің екпіні 25 м/с күшеюі ықтимал. Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Атырау облыстарында кей жерлерде тұман, Павлодар облысында – көктайғақ, Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейіп, Шығыс Қазақстан облысында дауыл соғады.