Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Павлодар облысы «қызыл» аймақта тұр.
Бұған дейін «қызыл» аймақта болған Ақмола облысы «сары» аймаққа ауысты.
«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласымен қатар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары бар.
Қалған өңірлер «жасыл» аймақта тұр.
Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.