Алматы облысында жол апатынан 7 адам қайтыс болды
Алматы облысында жол апатынан 7 адам қайтыс болды
123
оқылды

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 14 ақпанда «Алматы – Өскемен» автожолының 342-шақырымында болды.

Nissan Qashqai жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында алты адам көз жұмған, тағы бір адам ауруханаға барар жолда қайтыс болды.

«Жол апатынан жеті адам (Nissan жүргізушісі мен 4 жолаушы, сондай-ақ, Volvo жүргізушісі мен 1 жолаушы) қаза тапты. Оқиға орнына Полиция департаментінің қызметкерлері мен Ақсу аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы аттанды», – дейді полицейлер.

Жол апатына байланысты тергеу басталды. Алматы облысының полициясы марқұмдардың отбасына көңіл айтты.