Қазақстанда жуырда күн суытады
Қазақстанда жуырда күн суытады
173
оқылды

«Қазгидрометтің» мәліметінше, батыс пен солтүстікте ауа температурасы күрт төмендейді.

Солтүстік-батыстан келген антициклон батыс және солтүстікке ойысқандықтан ауа температурасы күрт төмендейді.

17-18 ақпанда Түркіменстаннан келетін оңтүстік циклон Қазақстанның солтүстік аймағының оңтүстік-батыс, орталық және оңтүстігіне ауысады. Соның салдарынан жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік пен батыста боран соғып, қар жауады.

Сондай-ақ кейбір өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады, дауыл соғады.