Абай өмірі – халықтың мұрасы
Абай өмірі – халықтың мұрасы
275
оқылды

Биыл Абай Құнан­баевтың 175 жылдығына орай 500-ден астам шара өте­ді. Бұл жайында Қазақстан Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қа­зақстан» ма­қа­ла­сында жария­лады.

– Біз ұлттық сананы жаңғырта­мыз және бәсекеге қабілетті ұлт қалып­тастырамыз десек, Абайдың шығармаларын мұқият оқуымыз керек. Оның қоғамдағы түрлі үде­ріс­­терге қатысты көзқарасы бүгінгі Қазақстан үшін аса пайдалы. Өз зама­нының ғана емес, қазіргі қо­ғам­­ның да бейнесін танытқан Абай – елдік мұраттың айнымас темір­­­қазығы. Әр қазақтың төрінде Абай­дың кітабы мен Мұхтар Әуе­зов­тің «Абай жолы» романы тұруы керек деп санаймын. Келер ұрпақ Абайдың сара жолын жалғауы тиіс. Бұл – ұлы ақын арманының орын­да­луы. Сондықтан біз Абайдың ойы­нан да, тойынан да тағылым алу­ға тиіспіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соның басты шарасы тамыз айын­­да Семейде ЮНЕСКО-мен бір­лесіп өтетін «Абай мұрасы және әлем­­дік руханият» атты халықа­ра­лық ғылыми-практикалық кон­­ферен­ция болады. Ал қазан айын­­да Нұр-Сұлтанда «Абай және руха­ни жаңғыру мәселелері» атты ха­лық­а­ралық конференция өтеді. Оның арасындағы тағы бір жоба – Абай шығармаларын 10 тілге ау­­дарып, кітаптарын шығару. Атап айтқанда, Абай еңбектері ағыл­­шын, араб, жапон, испан, ита­льян, қытай, неміс, орыс, түрік, фран­­цуз тіл­деріне тәржі­ма­ланады. Оған қоса, ақынның өмірі туралы бір­не­ше деректі фильм мен телехи­кая түсіріледі.

Театр және музыка фестиваль­дері бүкіл елде өтеді. Ең жақсы әдебиет және өнер туындылары үшін сыйлыққа Абай есімі беріледі. Ақын тойынан өнер саласы да тыс қал­майды. Абайдың тұлғасы мен мұра­сын ұлықтау шетелдерде де жал­ғасады. Ресейдегі, Франция­да­ғы, Ұлыбританиядағы және басқа да мемлекеттердегі Қазақстан елші­­лік­тері жанынан «Абай орталық­та­рын» құру жоспарланып отыр.

Президенттің айтуынша, Се­мей қаласы еліміздің рухани да­муын­да ерекше орын алады және тарихи орталыққа айналуы керек. Әлеуметтік-экономикалық кешенді дамыту және мәдени нысандарды жаңарту қажет екенін жеткізді. Соған байланысты Абай мұражайы үшін Жидебай трактатында жаңа ғимарат салынады. Оған қоса, Абай­дың «Жидебай-Бөрілі» мем­ле­­кеттік тарихи-мәдени және әде­би-мемориалдық қорық-му­зейі­­не ерекше көңіл бөліп, ғылы­ми-танымдық жұмыстармен ай­на­­­­­­лысатын орталыққа айнал­дыр­­­мақшы. 1918 жылы Мұхтар Әуе­зов пен Жүсіпбек Аймауытов негі­зін қалаған «Абай» журналына мемлекет тарапынан қолдау көрсе­­тіл­­мекші. Бұл басылым 1992 жыл­дан бері қайта шыға бастаған еді. Соны­мен бірге Президент ақын­ның ту­ған жеріне барғысы келе­тін­дер­ге бар­лық жағдайды жасау­ды тап­сыр­ды.

«Ұлы Абайдың құрметіне оның бай мұрасын дәріптейтін ауқымды шаралар өтеді. Қазақстандықтарды осы бастамаға белсенді қатысуға шақырамын», – деп жазды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.