Меморандумға қол қойды
Меморандумға қол қойды
220
оқылды

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы және «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қоры үш жақты ынтымақ­тастық пен серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойды.

Енді тараптар өзара тең құ­қық­тарын басшылыққа ала оты­рып, өз құзыры шеңберінде қала­дағы әлеуметтік мәселелердің оң­тайлы шешілуіне атсалысатын болады. Жиында сөз сөйлеген «Nur Otan» партиясы Шымкент қала­лық филиалы төрағасының бірін­ші орынбасары Жанар Бектаева осыған дейін бірлескен жұмыстың нәтижелерімен бөлісіп, осы үш жақ­ты ынтымақтастықтың көзде­ген мақсаты партияның «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» және «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары аясында әлеуметтік мәселелер негізінде қо­ғам өмірін жақсарту екенін айтты. Айта кетейік, «Шымкент қайы­рымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қоры пандемия кезінде «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалымен бірлесе отырып, қаламыздағы 13 мың­нан астам аз қамтылған және көпбалалы отбасын бірреттік азық-түлік топтамасымен қам­та­масыз еткен болатын. Ал «Шым­кент қаласының Азаматтық Альянсы» қауымдастығымен бірлескен жұ­мыс нәтижесінде азаматтық қоғам­ның жұмысын үйлестіру, мем­ле­кеттік жастар мен отбасылық сая­сат­тың ішкі саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында бір­неше іс-шара өткізілді. «Nur Otan» партиясы Шым­кент қалалық филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, «Шымкент қа­йырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қорының дирек­торы Дәуренбек Құрбаниязов және «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» қауымдасты­ғының президенті Жұмағали Білісбе­ковтің меморандумға қол қою рәсімін қорытындылай келе тараптар бірлескен жұмысқа жауап­­кершілікпен қарап, кез кел­ген өза­ра қолдауға ашық екенін айтты.

Әбілмансұр ЖАСАН