Тұрғындар базынасы тұрақты бақылауда
Тұрғындар базынасы тұрақты бақылауда
5,203
оқылды

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиа­лы­ның қоғамдық қабылдау бөлмесінде Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы Халықаралық құқық қорғау ор­талығының ресми өкілі, заңгер-кәсіби (сот) медиатор Серік Құсайынов азаматтарды қабылдады. Қабылдауға кел­ген азаматтар өтініш-тілектерін жеткізіп, ұсыныстарын ортаға салды.

Қабылдау кезінде кез келген даулы мәселені сотқа жеткізбей, медиаторларға жүгіну арқылы шешіп, бітімгерлікке қол жет­кі­зуге болатыны да айтылды. Мә­селелері оңынан шешілген тұр­­ғындар қабылдау иесіне алғы­сын білдірді. Еске салар болсақ, таяуда ғана «Альтернатива» медиация және құқық орталығының кәсіби медиаторы Шолпан Шалғазинаға еңбек дауы бойынша 2 өтініш түскен болатын. Нәтижесінде, екі өтініш те оң шешімін тапты. Бірінші өтініш қызмет көрсету шартына байланысты тапсырыс бе­ру­ші орындаушыға орындалған жұмыс актісі бойынша 120 000 тең­ге төледі. Екіншісі, қызмет­кердің пайдаланылмаған дема­лысы бойынша өтемақыны төлеу туралы өтініші қараусыз қалды. Өйткені бұрынғы қызметкер бар­лық төлемді толық көлемде алды. Айта кетейік, «Nur Otan» пар­тиясы Шығыс Қазақстан об­лыстық филиалының қоғамдық қабыл­дауында медиаторлардың қабыл­дау­лары әр дүйсенбі сайын сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін жүргізіледі.

Әбілмансұр ЖАСАН