Финляндияның Вуокатти қаласында шаңғымен жарысудан жасөспірімдер мен жастар арасында әлем чемпионаты өтті.
Жарыс нәтижесіне келсек, ел құрамасы аралас эстафетада 17 құраманың ішінен 15-орынға ие болды. Олар жеңіске жеткен Норвегия құрамасынан 4 минут 50 секундқа қалып қойды. 15 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан қыздар арасындағы бәсекеде Қазақстан сапынан ең жоғарғы нәтижені Айша Рақышева көрсетті. Ол сайыс қорытындысы бойынша 28-орын алды. Тарқатып айтсақ, Елизавета Толмачева 53-ші, Мария Геращенко 57-орында тұр. Ал Мария Тиятова мәреге жете алмады. Ерлер арасында 30 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан Темірлан Рамаш 53-орыннан көрінді. Темірлан Төлегенов 60-шы, Рамиль Шамсутдинов 62-ші, Ілияс Исабек 71-ші сатыға жайғасты. Ал жалпы есеп бойынша, ерлер арасындағы эстафетада Қазақстан командасы 17-орынға табан тіреді.Айбике ЖАНАСЫЛ