Тегін жүруге мүмкіндік бар
Тегін жүруге мүмкіндік бар
198
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар қоғамдық көлікте тегін жүруі үшін 3 млрд теңге бө­­лінеді. Мұны елордадағы Жұмыспен қамту және әлеу­меттік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Илья Скуб мәлімдеді.

Оның айтуынша, STC әлеу­меттік жағынан аз қамтылған азаматтарға қоғамдық көлікте жүруге арналған карталар береді. Олар валидация жасау есебінен қоғамдық көлік бағдарларында қатынайтын болады. Мұндай картаны зейнеткерлер, көп­балалы отбасылар тегін алады. Атаулы карта STC компа­ния­сы­нан беріледі. Сондай-ақ STC компаниясы да әкімдікке аталған санатқа кіретін адамдардың қоғамдық көлікте тегін жүргенін көрсететін 3 млрд теңгенің валидациясын ұсынады. Әрі олар мұны арнайы тізіммен тексеретін болады.

А.ЖОЛДАС