Испаниялық «Реал» командасының бас бапкері Зинедин Зидан Францияның футбол құрамасын жаттықтыруы мүмкін. Бұл туралы L'Equipe басылымы жазды.
Қазіргі бапкер Дидье Дешамның ұлттық құрамамен келісімшарты 2022 жылы аяқталады. Егер ол келісімді жаңартудан бас тартса, Франция футбол федерациясы (ФФФ) Зиданмен келісімшарт жасасуға дайын. – Дешамның мұрагері кім? Біздің Зиданмен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Егер Дидье ұлттық құраманы жаттықтырудан бас тартса, мен әлі де қызметімде жүрсем, онда әлбетте бұл лауазымда бірінші көргім келетін адам Зидан болар еді, – деді ФФФ басшысы Ноэлле ле Гре. Зидан 48 жаста. 2019 жылы ол «Реал Мадридтің» жаттықтырушысы болып тағайындалды. Зиданның испаниялық клубпен келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін жасалған. Ол бұған дейін «корольдік клубты» 2016 жылдан 2018 жылға дейін жаттықтырған. Оның басшылығымен «Реал Мадрид» Чемпиондар лигасын үш рет жеңіп алды. Екі рет Испания чемпионы атанды. 2017 жылдың соңында Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен беделді француз журналы France Football Зиданды үздік жаттықтырушы деп таныды. Ойыншы ретінде Зинедин Зидан Чемпиондар лигасының жеңімпазы болды. «Реал» құрамында Испания чемпионы атанды. 1998 жылы «Алтын допты» иеленді. Зиданмен бірге Франция әлем (1998) және Еуропа (2000) чемпионы атанды.Абылайхан ЖҰМАШ