«Nur Otan» партиясы Үкіметпен және жергілікті атқарушы органдармен бірге әр жылға арналған нақты көрсеткіштермен партияның сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасын әзірледі. Әрі оны көпшіліктің қарауына ұсынды.
Жалпы, «Өзгерістер жолы: барлығына лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы елдің әлеуметтік прогресі мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты шаралардың тиімді жиынтығын ұсынады. «Nur Otan» шынайы істер мен айқын мақсаттардың партиясы ретінде өзінің барлық деңгейдегі сайлау алдындағы уәделерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Бұған 12 ақпанда Ақмола облысында өткен қоғамдастық, мемлекеттік органдардың басшылары және азаматтық сектор өкілдері қатысқан ашық отырыстар дәлел бола алады. Сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша Ақмола облысының Жол картасында 29 мақсатты индикатор бар, олардың орындалу мерзімі бірнеше жылға белгіленген, сондай-ақ жауапты орындаушылары да бар. Әр бағыт бойынша 2021-2025 жылдарға арналған бұрын бекітілген сайлауалды бағдарламаларға сәйкес оларды жүзеге асырудың мерзімдері белгіленді. Бес жыл ішінде облыста 4 мыңнан астам әлеуметтік мұқтаж азаматты тұрақты түрде тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Нәтижесінде, 3,4 млн шаршы метрді құрайтын құрылыс салу жоспарлануда. Оның ішінде шамамен 150 мың шаршы метр тұрғын үй көпбалалы отбасылар үшін. Оның жылдық өсімі 8 пайызды құрайды. Сондай-ақ аумағы 900 мың шаршы метрді құрайтын жеке тұрғын үй құрылысы жалғаса бермек. Тұрғындарды мазалаған көптеген сауалға жауап алып, атқарылатын шаралардың іс-жоспары бекіді.Әбілмансұр ЖАСАН