Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта нан пісіретін кәсіпорын дүкендерге шектеу қойды. Бір адамға бес бөлке нан сатылады.
«Алыпсатарлар таңертеңгі уақытта барлық нан өнімдерін сатып алған. Ары қарай үстіне ақша қосып сату үшін осылай істейді. Десек те, «Ақсай» нан зауыты» ЖШС әлеуметтік бөлкенің санын азайтқан жоқ. Қала дүкендерін нанмен толық қамтамасыз етіп отыр», – дейді басқарма өкілдері.
Әкімдік пен «Ақсай» нан зауыты» ЖШС арасындағы келісімшарт негізінде бір бөлке нанның бағасы 75 теңге болып бекітілген.