Алматы облысында әкім өз еркімен қызметінен кетті
Алматы облысында әкім өз еркімен қызметінен кетті
141
оқылды
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаев өз еркімен отставкаға кетті.
«12 ақпандағы актив жиынында әріптестеріне қызметінен өз қалауы бойынша кететіні туралы хабарлады. Сондай-ақ әріптестеріне қысқа уақыт аралығындағы жұмысы үшін алғыс айтып, табыс тіледі», – деп растады Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы.
Қуанышбек Қашқымбаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып 2020 жылдың шілдесінде тағайындалды. Кашқымбаев Қуанышбек Қалиұлы 1962 жылы туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген.