Ғалымдар коронавирустың жаңа толқыны қашан басталатынын айтты
Ғалымдар коронавирустың жаңа толқыны қашан басталатынын айтты
172
оқылды

Америкалық және француздық ғалымдар коронавирусқа қатысты болжамдарымен бөлісті,–  деп жазады medRxiv.

Сарапшылардың пайымынша, коронавирус мутацияға ұшырап, биыл жаздың басында коронавирустың жаңа толқыны басталады.

2020 жылғы көктем мен жаздағы жағдай қайталанбайды. Ғалымдардың болжамынша, жалпы өлім-жітім көрсеткіші, науқастар саны билік уақытында шектеу шараларын енгізген жағдайда өткен мерзіммен салыстырғанда төмен болады. Жаңа инфекциядан болатын өлім-жітімді вакциналау және оқшаулау шаралары арқасында төмендетуге болады. Вакциналау шарасы коронавирустан жүздеген адамды аман алып қалуға септігін тигізеді.
Бұған дейін таяуда коронавирустан да қауіпті пандемия басталатыны туралы жазған болатынбыз.