"Қазгидромет" РМК 17 ақпанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
17 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
17 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман түседі.
Атырау облысының күндіз кей жерлерінде қатты қар жауады. Кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
18 ақпанда күндіз 19 ақпанда тәулік бойы Солтүстік Қазақстан облысында қар, кей жерлерде қатты қар күтіледі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с.