Экс-прокурор мен бұрынғы банк қызметкері қызды түні бойы зорлаған
Экс-прокурор мен бұрынғы банк қызметкері қызды түні бойы зорлаған
234
оқылды
Алматыда экс-прокурор мен бұрынғы банк қызметкері қызды түні бойы зорлаған. Қылмыстық істі Бостандық ауданы № 2  соты қарады. Белгілі болғандай, мас ер адамдар 2019 жылы 7 қарашадан 8 қарашаға қараған түні  жәбірленушіні қорқытып, күш қолданып зорлаған. Сотта сотталушылардың кінәсі куәгерлердің жауабымен, жәбіренушінің сөзімен және сараптама қорытындысымен дәлелденді. Сот үкімімен А. және Т. ҚР ҚК 12 бабы 2 бөлігі 1 тармағы және 121 бабы 2 бөлігі 1 тармағымен  (бір топ адамның қатысуымен болған зорлау және сексуалдық сипаттағы әрекеттер) кінәлі деп танылды. Сот олардың әрқайсысын 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ер адамдар жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Үкім күшіне енген жоқ. Бұдан бұрын жәбірленушінің адвокаты Жанна Уразбахова қыздың сеніміне кірген жігіт оны алдап пәтеріне шақырып алып, қызды екі ер адам таңғы алтыға дейін зорлағанын айтқан болатын.