Open Fighting Championship турниріне үш қазақстандық қатысады
Open Fighting Championship турниріне үш қазақстандық қатысады
91
оқылды

20 ақпанда Ресейдің Самара қаласында Open Fighting Championship халықаралық жекпе-жек турнирі өтеді. Жоспарланған 17 жекпе-жекте  әлемнің 9 елінің файтер­лері бақ сынайды.

Турнир андеркардында екі қазақстандық өнер көрсетеді. Атап айтқанда, қарағандылық Константин Чередниченко (65,8 келі) жергілікті спортшы Данил Конновқа қарсы шықса, атырау­лық Талғат Жұмағалиев (56,7 келі) пен ресейлік Гусейн Хали­ков өзара мықтыны анық­тайды. Тағы бір қазақ­стан­дық – Atyrau Top Team коман­дасының мүшесі Самат Жағы­паров тур­нирдің мейнкардын ашып, лиганың OFC чемпион­дық бел­беуі мен жүлде қоры 1 млн рубль (шама­мен 6 млн тең­ге) болатын Гран-придің ¼ фи­налында жекпе-жекке шыға­ды. Жағыпаровтың қарсыласы – армениялық Айк Казарян. Салмақ дәрежесі – 61,2 келі. Open Fighting Championship-тің басты жекпе-жегі ресейлік Виктор Колесник пен нокаутшы Элисмар «Карраско» Лима ара­сын­да өтпек. Сондай-ақ негізгі айқастың бірінде көпшіліктің сүйіктісі тәжікстандық Шараф Давлатмуродов бразилиялық Адриано Балбиге қарсы шығады. Самарада өтетін микстфайт кешін FullHD сапасында қазақ­стандық INSPORT – insporttv.kz спорттық телеарнасынан тегін тамашалауға болады.

Жадыра АҚҚАЙЫР