Антисептиктен уланған қыздың өлімінен кейін интернат директоры қызметінен кетті
Антисептиктен уланған қыздың өлімінен кейін интернат директоры қызметінен кетті
5,222
оқылды

Бос лауазым орнына конкурс жарияланды. Бұл туралы pavlodarnews.kz жазды.

Бұрынғы директор үш қыз антисептик ішіп уланған соң қызметтен кетті. Олардың біреуі қайтыс болды.

«Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталық» басшысы Николай Қожахметов биыл 12 ақпанда өз еркімен қызметтен кетті. Директор қызметіне конкурс жарияланады. Жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдадық. Әлі күзетші де керек», – дейді Білім басқармасының өкілдері.

Бұған дейін Павлодарда үш жасөспірімнің антисептиктен уланғанын жазған болатынбыз. Үшеуі биыл 1 қаңтар күні кешке стақанмен антисептик ішкен. Уланған қыздар 2 қаңтарда ауруханаға жеткізілген. 17 жастағы қыз қайтыс болды.