Зейнетақының зейнетін көреміз бе?
Зейнетақының зейнетін көреміз бе?
349
оқылды

Зейнетақы қорындағы қа­ра­­жаттың бір бөлігін зей­нетке шық­пай пайдаға жа­ра­туға бола­­­ды! 2 қыркүйек күнгі Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Жолдауын­да ай­тыл­­ған ұсынысты халық дәл осы­­лай түсінді. 2020 жылы да­йын жоба ұсынылып, маңдай тер­мен тап­қан табысымызды өз игі­лігіміз­ге жұмсаймыз деп жүр­ген халық­тың үмітін су сеп­кен­дей бас­қан Премьер-Министр орын­басарының мәлім­­­демесі болды. Бердібек Сапар­баевтың айтуынша, да­йын­­­далған жоба­ға сәйкес зей­нет­а­қысын жеке мақсатқа жұм­­­­сау­ға 102 мың қазақ­стан­дық­­­­тың ғана мүмкін­дігі бар. Ал қал­­­­ған қараша қар­тай­ғанша ау­­з­ын құр шөппен сүрту­ге мәж­бүр.

Зейнетақы қорындағы қаржы­ны уақытынан бұрын алу туралы айтылғанда Сингапурдың тәжіри­бе­сін алға тартқанымыз өтірік емес. Әлемдегі зейнетақы қорының тиім­ділігі жағынан көш бастап тұр­ған мемлекетте тұрғын үй мәсе­лесі толығымен шешілген. Халықтың 90%-ның жеке баспанасы бар. Оның басым бөлігі үй алуға зей­нета­қы қорындағы қаржысын пайда­ланған. Біздің халық та Үкі­мет­тен дәл осындай болмаса да, күйіп тұрған тұрғын үй мәселесін шешуге септігін тигізетін механизм жасауын күтті. Алайда 10 млн адам жинаған 10 трлн теңгеден өз үле­сін алу мүмкіндігі оған мұқтаж емес адамдарға бұйырып отыр. Ал қара­пайым халық үшін зейнетақы қоры екінші деңгейлі банктерді сауық­тыруға арналған ақша болып қала бермек.

Тарқатып айтсақ, біздің елде міндетті зейнетақы жарнасын төлеу 1998 жылдың 1 қаңтарынан бас­тал­ды. Қарапайым математикаға салсақ, 21 жылда зейнетақы қорын­да жиналған қаржысы 10 млн-нан асуы үшін салымшының айлық табысы төрт жүз мың шамасында. Нақ­тырақ айтсақ, 396 825 теңге бо­луы тиіс. Айта кететін тағы бір жайт, 1998 жылғы орташа айлық табыс 9 700 теңге болған. Қазір де ол көрсеткіш 400 мыңға жете қойған жоқ. Статистика комитетінің ресми дере­гіне сүйенсек, 2019 жылғы орта­ша айлық – 199 151 теңге. Осы­дан-ақ қатардағы қазақстандық бұл соманы 20 жылда жинай ал­май­тынын көруге болады. Ал жи­науға шамасы жеткендер бас­па­наға зәру емес. Бұл туралы арнайы жұмыс тобының құрамында бол­ған Президенттің штаттан тыс кеңес­шісі Олжас Құдайбергенов те айтып жүр. Ол өз парақшасында бұл шешіммен келіспейтінін мәлім­деген: «Сонымен, Президент­тің тап­сырмасы орындалған жоқ. Жұ­мыс тобының мүшесі ретінде оның Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлігінің қабылдаған шешімі екенін мәлімдеймін. Қа­лай болғанда да, өз басым осы ше­шімге 100% қарсы болдым. Ал Президентке халықтың 1%-ін емес, 99%-ін қанағаттандыратын шешім керек еді», – дейді Құдайбергенов.

Экономист Мақсат Халықов та бұл шешімнің мүлде ақылға сый­майтынын айтады. Оның пікі­рінше, жаңа бағдарламадағы талап зейнетақы аннуитетiне қойы­ла­тын шарттардан төмен бо­луы керек. Әйтпесе, бұл бағдар­ла­маны қабыл­даудың қажеті шамалы.

«Алғаш осы бастама көтеріл­ген­де зейнетақы қорында 1 немесе 1,5 млн теңге болса жеткілікті болады деп ойладық. Кейін 6 млн туралы айтылып жүрді. Біздің халық үшін оның өзі көп, шыны керек. Ал қорда 10-12 млн теңге бо­луы керек деген тіпті ақылға сый­майды. Себебі зейнетақы ан­нуи­те­тінің шарты бойынша қаржы­ларын жеке шотына аударып жатқандар онсыз да бар ғой» деді экономист. Ол тіпті экономистер зейнетақы аннуитетінің шартын да жұмсартуды да ұсынып отырғанын айтады. Бірақ бұл Үкіметтің есебіне сай келе қояр ма екен?

Бағдарлама жасаушылардың ұстанымына келсек, азаматтың қартайғанда өзін асырауға қаржысы болуы керек. Бұл да келісуге бола­тын тұжырым. Бірақ орташа табыс табатын қазақстандық Үкімет айтып отырған зейнет жасында шалқып өмір сүруіне қажетті соманы бәрібір жинай алмайтынын да ескерген дұрыс болар. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов:

«Айтылды, ел естіп, дәмеленіп отыр. Ал енді не болады, мұндай шешім халықтың көңілін су сепкен­дей басары сөзсіз. Көбісі өзін алдап кеткен секілді сезінуі мүмкін. Мұн­дай біржақты шешім болмауы керек деп санаймын. Сондықтан салым­шының әр категориясына сәй­кес шекті көлемді белгілеуді ұсы­на­мын. Зейнетке шыққан жасы­на, табы­сына, зейнетақы алу құқығына, бас­п­анасы бар-жоғына қарай икем­деп, бұл мөлшерді есептеудің бір жүйе­сін түзуді ұсынамын», – деді депутат.

Мақсат Халықов та осыған ұқсас пікірде. «Қазақстан үшін 3-4 млн – ең оңтайлы шешім» дейді эко­номист. Сондай-ақ ол зейнета­қы қорындағы қаржыны қолдану шарты жұмсарса, яғни белгіленген сома деңгейі төмендесе, адамдар қордағы салымын арттыруға тыры­са­тынын айтады.

«Қазір қазақстандықтар зей­нета­қы туралы зейнетке шығуға екі жыл қалғанда ойлана бастайды. Оған дейін ол жақта не болып жат­қа­ны­­нан мүлде хабарсыз. Мұның бәрі – қызықпаушылық. Ондағы қаржы адамдар үшін қолжетімсіз болып көрінеді», – дейді экономист. Оның айтуынша, мұны зейнетақы қорына салымшыларды көбейтудің бір әді­сі ретінде қолдануға да болады. Мә­селен, өзін-өзі жұмыспен қам­тып жүрген азаматтар зейнетақы жарнасын төлеуге құлықсыз. Себебі қолындағы қаражатты қазір пайда­лан­ған тиімді. Бұл мәселе бойынша экономистің пікірі мынадай:

«Зейнетақы қорын неге мемле­кет қана пайдалануы керек? Неге бізге де қордағы ақшамызды инвес­­тиция ретінде қолданбасқа? Халық­тың қаржылық сауаты төмен делік. Бірақ ондай мүмкіндік берілетін болса, бар ақшасын шашып тастай­тын адамдар ақымақ емес қой. Қаржылык кеңесшілер бар. Егер қордағы қаржыны инвестиция деп қарайтын болсақ, өз еркімен салым жасайтындардың саны өсер еді. Ары халық та сауаттырақ болады», – дейді.

Маманның пікірімен келіспеске болмайды. Өйткені бүгін халық арасында зейнетақы қорындағы ақшадан күдер үзіп, міндетті төлем ретінде ғана қарап жүргендер көп. Оған себеп те жоқ емес. Сенім­сіз бастамалар мен банктерді сауық­ты­руға құйылып жатқан қаржының жеке бас қажеттілігіне келгенде қол жеткізбей шарықтап кетуі күмәнді күшейте түскендей. Жастығын ала кетуге дағдыланған ел өз бетін­ше қимылдауды жөн көреді. Ал аза­маттар зейнет ақшасын мем­ле­кеттің ғана емес, өз игілігіне пай­да­лана ала­ты­н­ына көзі жетсе, салым­­шылардың саны артпақ. Соны­мен қатар олар өз қаржысын еселей түсуге де мүдделі болатыны түсінікті.