Оның айтуынша, сәлемдеме АҚШ-тан Ыстамбұл рейсінің транзиті арқылы Алматыға жеткізілген.
«2021 жылдың 22 қаңтарында әуе рейсі келген сәтте бұл пошта жөнелтімі Алматы қаласы учаскесінің қызметкерлеріне берілген. Олар бірден Алматы қаласы Кедендік бақылау департаментінің Жетісу кеден бекетінің қызметкерлеріне кедендік тексеруге ұсынған. Кеден заңнамасына сәйкес, келіп түсетін барлық халықаралық жөнелтімдер міндетті түрде кедендік тексеруден өтуі тиіс. Тексеру кезінде кеден бекетінің қызметкерлері жөнелтімнің деректерін кедендік декларациямен салыстырады. Онда жөнелтуші мен алушының мекенжайы, тауар (салыным) атауларының толық тізбесі және әрбір салынымның құны көрсетіледі. Жетісу кеден бекеті қызметкерінің тексеруі барысында кедендік декларацияға сәйкес, бұл клиенттің пошта жөнелтіміндегі тауарларды салу тізбесінде ұялы телефон көрсетілмеген», – деді Әлия Сүгірбаева.
Сәлемдеме рентген-телевизиялық қондырғы арқылы ашпай сканерленген. Онда ұялы телефон көрсетілмеген, – деп жазады «Қазақпарат».
«Компания Алматы қаласының мемлекеттік кірістер департаментіне аталған пошта жөнелтілімін тексеру бойынша рентген-теледидар жабдықтарының архивін қарауға ресми сұрау салды. 12 ақпанда департамент қызметкерлері ресми жауап беріп, бейнематериалдар архивіне сәйкес, кедендік тексеру органдарының осы сәлемдемені тексерген кезде ұялы телефонның болмағаны туралы акт жасады. Бұл жөнелтімді интернет дүкен емес, жеке адам жіберген. Алушы ретінде Илья Гришко көрсетілген. Сондай-ақ 72-декларацияға сәйкес, пошта жөнелтілімдері тізімінде iPhone12 ұялы телефоны көрсетілмеген. Бұл барлық тиісті құжаттар арқылы расталған. Оның үстіне, ұялы телефон жіберілген жағдайда жіберуші міндетті түрде кедендік декларацияда оның құнын көрсетуі керек», – деді Әлия Сүгірбаева.