Маңғыстауда адам ұрлаумен айналысқандар ұсталды
Маңғыстауда адам ұрлаумен айналысқандар ұсталды
134
оқылды

Күдіктілер жат діни ағымның өкілдері екені анықталған.

«ҚР ҰҚК өңірлік департаментінің қызметкерлері адам ұрлау және кейіннен ірі мөлшерде ақша бопсалау бойынша күдікті Ақтау мен Жаңаөзеннің екі тұрғынын құрықтады», – деп хабарлайды mangystaumedia.kz ескерту.

Ведомство қызметкерлері күдіктілердің "салафизм" деструктивті діни ағымының жетегінде жүргенін анықтаған. Олардың пәтерлерінен экстремистік сипаттағы материалдар мен қару-жарақ табылды және тәркіленді.

"Күдіктілер қылмыстарын қазірдің өзінде мойындады. Оларға қатысты ҚР ҚК 125-бабы 2-бөлігінің 1, 3, 4-тармақтары және 8-тармағы (Адам ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады облыстық ҰҚКД.