Танымал театр – елордада
Танымал театр – елордада
281
оқылды

«Ауқымды гастрольдер» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласына гас­троль­мен келген Ресейдің Евгений Вахтангов атын­дағы театры «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында елор­да тұрғындары мен қонақ­тарына А.Пушкиннің «Евге­ний Онегин» романы­нан көріністер мен А.Чехов­тың «Дядя Ваня» спек­так­лін ұсынуда.

«Біз 2 жыл бойы Қазақ­стан­ның Мәдениет және спорт министрлігімен келіссөздер жүргіздік. Мәдениет және спорт министрі Мәскеуге келіп, «Евгений Онегин» спектаклін көргеннен кейін ісіміз алға жыл­жыды. 9 қаңтар­да осы ке­ре­мет театрда бірінші спек­­так­лімізді қойдық. Осы жыл­ғы гастрольдің бәрі біз­дің театрдың 100 жылдық мерей­тойына арналады. Біз­ге осы елге келген ұна­­ды және келесі жылы да қуана келе­міз. Біздің жұ­мыс – спек­такль көрсетіп, гас­­трольге шығу», – дейді Евге­ний Вахтан­гов атындағы мем­лекеттік академиялық театр­дың директоры Кирилл Крок баспасөз конферен­ция­сында.

Туристік қызметті қол­дау бойынша Федералды орта­лық­тың бас директорының орынбасары Владимир Черка­сов аталған орталықтың 2016 жыл­дан бері қазақстандық театр­лармен ынтымақтасып келе жат­қанын атап өтті.

«Біз шетелдік бағдарламаны 2015 жылдан бері жүзеге асыра ба­с­тадық. Сол сәттен бастап Қазақстан біздің белсенді се­рік­тесіміз болды. Бағдарлама жа­қын шетелдердегі орыстілді театр­ларды қолдауға бағыттал­ған», – деді Владимир Черка­сов.

Айта кету керек, Қазақ­стан­мен ынтымақтастық туралы Евгений Вахтангов атындағы театрдың алғашқы серіктесі Алматыдағы М.Лермонтов атындағы орыс драма театры болды. Өткен жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы да бағдар­ла­маға енді.

 

Қ.ЖҰМАДІЛ