Автобуста жасөспірімнің жағынан ұрған адам ұсталды
Автобуста жасөспірімнің жағынан ұрған адам ұсталды
281
оқылды

Ол кінәсін толық мойындаған.

«Қоғамдық көлікте кәмелетке толмаған адамға қатысты бұзақылық жасау фактісі бойынша 50 жастағы ер адам ұсталды», – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Жауап алу барысында 1970 ж. т. күдікті азамат өз кінәсін толық мойындады. Полиция автобус салонындағы жанжал мен ер адамның құқық бұзушылығы тіркелген бейне материалды алған.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ол аяқталған бойда процессуалдық шешім қабылданатын болады".

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының тұрғыны әлеуметтік желіге Медеуге бара жатқан автобустың ішінде ұлын ер адам ұрғаны туралы жазып шағымданған болатын.