12 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
12 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
254
оқылды

Республиканың басым бөлігінде қар жауады

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-батыста - көктайғақ болады, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында боран соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет " РМК.

Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Атырау облысында күндіз боран соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде кей жерлерде тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде көктайғақ болады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.