Зейнетақы жинағындағы қаражатқа көлік сатып алуға бола ма?
Зейнетақы жинағындағы қаражатқа көлік сатып алуға бола ма?
154
оқылды

Бұл туралы Astana Motors компаниясының басшысы Нұрлан Смағұлов айтты, – деп жазады zakon.kz.

Смағұловтың айтуынша, Автобизнес қауымдастығы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне осы ұсынысын жеткізген. ИИДМ бұл ұсынысты қарастыру үшін оны Ұлттық экономика министрлігіне жолдады.

«БЖЗҚ ақшасын баспанаға ғана емес, Қазақстанда жасалған автокөлікті алуға да жұмсау мүмкіндігі берілсін деген ұсыныс жасадық. Әрине, халыққа ең керегі баспана, бірақ, ескі көлігінен әбден шаршаған немесе қара жаяу жүргендердің тағы бір арманы – жаңа көлік сатып алу. Халыққа көлігін жаңартуға мүмкіндік берілуі тиіс деп ойлаймыз. Бұл идеяны көлік шығарушылар да, автокомпаниялар да қолдауы керек, – дейді Смағұлов.

Бұған дейін зейнетақы жинағын емделуге де алуға болатынын жазған болатынбыз.