Ақмола облысында дауыл аудандық мәдениет үйінің шатырын жұлып кетті
Ақмола облысында дауыл аудандық мәдениет үйінің шатырын жұлып кетті
247
оқылды

Ақмола облысының Жақсы ауданы орталығында болған қатты боран аудандық мәдениет үйінің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

– 18 ақпан күні шамамен сағат 13:48-де 23-25 метр секунд жылдамдықпен соққан дауыл жел Жақсы аудандық мәдениет үйінің қалың металл жабынымен қапталған шатырын түгелдей жұлып әкеткен. Сондай-ақ, дауылдан әрлеуіш тақтайшалар мен маңдайшалар құлаған. Дауылдан ғимараттың сол жағындағы қоршауы зақымдалып, ағаштар сынды, – деді Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Ғимарат 1968 жылы салынған. Шатырдың жалпы аумағы шамамен 1000 шаршы метрді құрайды. Мәдениет үйінің шатырына 2014 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарын төтенше жағдайдың алдын алу үшін үйде қалуларын сұрайды.

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы.