Ер адам туыстарына видео түсіріп қалдырып, өлетінін айтып қоштасқан
Ер адам туыстарына видео түсіріп қалдырып, өлетінін айтып қоштасқан
178
оқылды

Павлодар қаласының тұрғыны телефонға жазған видеоны туыстары көрген сәтте өзінің тірі болмайтындығын ескерткен, - деп хабарлады КТК телеарнасы.

Соңғы сөзін видеоға түсіріп, үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен павлодарлық ер адам тірі табылды. Ол еріктілерге қаржылық қиындықтар өмірін қиюға жеткізе жаздағанын айтқан. Павлодар қаласының "VITA  іздеушілері" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Екатерина Кудрявцеваның айтуынша, іздеу жұмыстары павлодарлықтың жұбайы көмек сұрағаннан кейін басталған.

"Константин Сухановты үйінің маңынан таптық. Оның айтуынша, қаржылық қиындықтар өмірін қиюға жеткізе жаздаған. Ер адамды үйіне жеткіздік. Отбасы оны күтіп алды", – деді Екатерина Кудрявцева.

Павлодар қаласының тұрғыны Торайғыров көшесіндегі үйден шығып кеткен.  Құжат, пәтер кілті мен телефонын үйінде қалдырған. Ал телефонынан ер адам түсірген видео табылды. Видеода ол отбасынан кешірім сұрап, қарыздарын төлеу үшін зейнетақы жинағын рәсімдеп алуды тапсырады. 35 жастағы ер адам туыстары видеоны көріп отырған сәтте өзінің тірі болмайтындығын ескерткен. Он іздеуге ондаған ерікті атсалысты. Бұған дейін үйіне кірген ер адамның із-түзсіз жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.