Нұр-Сұлтанда «Астана Опера» театрының сахнасында өрт шықты, — деп хабарлайды «Спутник Қазақстан».
Е. Вахтангов атындағы Мәскеу театрының гастролі кезінде «Астана опера» театрының сахнасы өртегенін ресейлік актер Сергей Маковецкий айтты.
Оның айтуынша, артистер «Дядя Ваня» қойылымын сахналап жатқан.
«Нұр-Сұлтандағы гастроліміз де аяқталды. Қойылымдардың бірінде аздап өрт шықты. Шам өртенді. Шымылдықты түсіріп, жұртты тыныштандырдық. Өрт сөндіргіштермен сөндіргеннен кейін, спектакль әрі қарай жалғасты. Құдды ештеңе болмағандай», — деді Маковецкий инстаграмдағы парақшасында.
Артистің айтуынша, қойылым кезінде шамның өртенгенін көрермен қойылымда бар дүние деп қабылдаған.