Алматыда ер адамның тергеу изоляторынан қашып кеткеніне үш күн болды
Алматыда ер адамның тергеу изоляторынан қашып кеткеніне үш күн болды
201
оқылды
Алматыда ер адамның тергеу изоляторынан қашып кеткеніне үш күн болды, оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 33 жастағы Дамир Давутов 15 ақпанда Алматыдағы тергеу изоляторынан қашып кеткен. Давутов бұрын бірнеше рет сотталған. Қазіргі ісі бойынша ол ұрлық пен алаяқтық әрекеті үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған. «Ағымдағы жылдың 15 ақпанында 1987 жылғы сотталушы Д.Т. Давутов ЛА-155/18 мекемесінен (тергеу изоляторы) қашып кетті. Қылмыстық кодекстің 426-бабы (Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан немесе абақтыдан қашу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адамның бұрын бірнеше рет сотталғаны белгілі болды. Соңғы рет ол ұрлық пен алаяқтық үшін айыпталып, төтенше қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айырылған», – деп хабарлады Алматы қалалық қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметі. Қашудың себептері мен жағдайларын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.