Елордада құрылыс крандары шығарыла бастады
Елордада құрылыс крандары шығарыла бастады
210
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов елордада ал­­ғаш рет құрылыс крандары шығарыла бастағанын ха­барлады.

Әкім жаңалықтың жай-жап­сарын instagram парақшасында жазды. Жазбасында құрылыс ин­дус­триясындағы отандық өнді­рушілерді қолдауға бағытталған «қарапайым заттар экономикасы» жобасы аясында елордада алғаш рет құрылыс крандарын өзіміз шығара бастағаны баяндалған. Бұ­рын мұнаралы құрылыс кран­дары шетелден әкелінетін, оларды тасымалдау қымбатқа түсетінін де қосқан. 18 ақпан күні елордадағы алғашқы кран жасалған цехқа барғанын атап өткен. Оның ай­туынша, құрылыстың басты драй­вер екенін ескерсек, отандық ма­­териалдар өндіру біз үшін өте маңызды. Былтыр 3 млн шаршы метр тұрғын үй салып, пайдалануға берілген. Атап айтқанда, 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салдық, биыл бұл көрсеткішті одан да арттыру жоспарда бар. Ал құрылыс крандарын «Ла­шын Фактори» ЖШС ком­­­па­ниясы шығара бастады. Ком­­­пания «Астана – жаңа қала» АЭА мүшесі, №1 индустриялық паркте орна­ласқан. Кәсіпорында отандық лифтілер де шығарылады. Лиф­тілер EXPO кезінде қолданылып, мемлекеттік бағдарламалар бойын­­­­­ша салынған тұрғын үй ке­­­шендеріне орнатылған екен. «Мемлекет басшысының тап­сырмасына сәйкес, ин­­­­вес­торларға қолайлы жағдай жасап, инвес­тициялық ахуалды жақсарту үшін жұмыс істейміз. Пандемияға қа­­рамастан, былтырдың өзінде 1триллион теңгеден астам жеке инвестицияларды тарту мүмкін болды. 111 инвестициялық жоба қолдау тапты. Бірінші кезекте қала тұрғындары мен қалаға қажет жобаларды қолдаймыз. Олардың қатарына өнеркәсіп, логистика, сауда және т.б. салалардағы әлеу­меттік нысандар кіреді», – деді жазбасында А.Көлгінов.

 Айбике ЖАНАСЫЛ