Бүгін ауа райы құбылмалы болады. Солтүстікте қалың қар, оңтүстікте жаңбыр жауады.
Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Жамбыл, Түркістан облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 м/с-ге жетеді, кей жерлерде 30 м/с және одан күшті болады. Сондай-ақ кей жерлерге тұман түсіп, күндіз Түркістан облысының кей бірқатар бөлігінде көктайғақ болады.
Қостанай облысының басым бөлігінде түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, кей жерлерде желдің күші секундына 25 метрге дейін жетеді. Күндіз өңірдің бірқатар бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке жетсе, кей жерлерде тұман, бұрқасын болады.
Ақмола облысының басым бөлігінде жел түнде секундына 15-20 метрге жетіп, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады. Күндіз облыстың кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының басым бөлігінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады. Тағы бір бөлігінде бұрқасын болады.
Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар өңірінде тұман түсіп, Павлодар облысында көктайғақ болады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен есіп, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.